Достар, еске саламыз: бүгін Community Almaty Run жаттығуы Koktem Grand бизнес орталығындағы adidas кеңсесінде өтеді.
Қатысушылар үш топтың бірін таңдай алады. Алғашқы екі топ сағат 06:30-да, үшінші топ 07:30-да жүгіруді бастайды.
Жүгіруден кейін сағат 09:00-де adidas кеңсесінде өтетін дәріске жиналамыз.
Stamina Lab спорттық физиологтары, медицина ғылымдарының магистрлері Сауат Қабылбеков пен Сергей Белоус жүрек соғу жиілігінің жеке аймақтарын анықтау, жаттығу қарқындылығын бақылау және осы мәліметтерді жаттығу барысында тиімді пайдалану жолдары туралы айтып береді.
Сонымен қатар қатысушыларды серіктестеріміздің сыйлықтары күтеді:
– Stamina Lab ұсынған үш сертификат: функционалдық тестілеуге, ADVANCED чекапына және негізгі зат алмасу деңгейін анықтауға;
– adidas брендінің үш футболкасы;
– AYMN дүкенінен 20% жеңілдік беретін үш сертификат;
– «Жеке рекордқа жүгіру» кітабы және «Кітапты қала» дүкенінен әрқайсысы 5 000 ₸ болатын екі сыйлық сертификаты;
– Vanilla Coffee Shop ұсынған фильтр-кофе.
Community Almaty Run-да жүздескенше!
—
Друзья, напоминаем: уже сегодня Community Almaty Run пройдет в офисе adidas в БЦ Koktem Grand.
Участники смогут выбрать одну из трех групп. Первые две стартуют в 06:30, третья – в 07:30.
После пробежки встречаемся на лектории в 09:00 в офисе adidas.
Сауат Кабылбеков и Сергей Белоус – магистры медицинских наук и спортивные физиологи Stamina Lab – расскажут, как определить свои пульсовые зоны, контролировать интенсивность нагрузки и использовать эти данные во время тренировок.
Также участников ждут подарки от наших партнеров:
– три сертификата от Stamina Lab: на функциональное тестирование, чекап ADVANCED и определение основного обмена;
– три футболки от adidas;
– три сертификата AYMN со скидкой 20%;
– книга «Бег на личный рекорд» и два подарочных сертификата от магазина «Книжный город» номиналом 5 000 ₸ каждый;
– фильтр-кофе от Vanilla Coffee Shop.
До встречи на Community Almaty Run!