🔹«Заң мен тәртіп»: ҮЕҰ құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып жатыр
📌Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында бірқатар жобаны қолға алды. Олар құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтар мен есірткі қылмысының алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ жазасын өтеп шыққан адамдардың қоғам өміріне қайта бейімделуіне қолдау көрсету бағыттарын қамтиды.
Ірі жобалардың бірі – «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау» республикалық жобасы. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жоба аясында 50 іс-шара өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам қатысты. Тағы 2300 тұрғын құқықтық және психологиялық көмекке жүгінді.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға да айрықша мән беріледі. «Жастарға құқықтық тәрбие беру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» жобасы аясында прокуратура және полиция өкілдерімен өткен кездесулерге 3500-ден астам адам қатысты.
Кездесулерде құқықтық жауапкершілік, киберқауіпсіздік, жастардың есірткі қылмысына тартылу қаупі және құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу мәселелері айтылды.
Esirtkisiz QAZAQSTAN республикалық жобасы аясындағы өңірлік Meet Up кездесулерінде мемлекеттік органдар, прокуратура, полиция және жастар ұйымдарының өкілдері алдын алудың заманауи тәсілдері мен Mergen ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін талқылады.
Zhetysu Digital Anti-Drug Hub жобасы Жетісу облысының сегіз ауданы мен екі қаласын қамтиды. Тұрғындар заңгер, психолог және нарколог мамандардан кеңес ала алады. Аталмыш жоба аясында SafeLine сервисі арқылы 218 адам кеңес алуға жүгінді.
Сонымен қатар жазасын өтеп шыққан жастардың қоғамға қайта араласуына жағдай жасау – жұмыстың басым бағыттарының бірі. ReStart жобасы Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 100 адамды қамтыды. Қатысушылар жұмысқа орналасу, оқу, баспана және мемлекеттен көрсетілетін қолдау шараларын пайдалану бойынша кеңес алды.
Жобалар Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бөлген гранттар есебінен қаржыландырылады.
🔹«Закон и порядок»: НПО реализуют проекты по повышению правовой грамотности
📌Казахстанские НПО реализуют проекты в целях продвижения принципа «Закон и порядок». Это инициативы в сфере правового просвещения, профилактики правонарушений и наркопреступности, защиты прав граждан, а также социальной адаптации людей, отбывших наказание.
В числе крупных инициатив – республиканский проект «Защита прав и законных интересов граждан». В первом полугодии 2026 года проведено 50 мероприятий, в которых приняли участие более 6000 человек. Еще 2300 жителей страны обратились за правовой и психологической помощью.
Отдельное внимание уделяется профилактике правонарушений среди молодежи. Свыше 3500 человек приняли участие во встречах с представителями прокуратуры и полиции, организованных в рамках проекта «Правовое воспитание молодежи – основа антикоррупционного мировоззрения». Темами обсуждения стали правовая ответственность, кибербезопасность, риски вовлечения молодежи в наркопреступность и профилактика лудомании.
На региональных Meet Up в рамках республиканского проекта Esirtkisiz QAZAQSTAN представители государственных органов, прокуратуры, полиции и молодежных организаций обсудили современные методы профилактики и возможности информационной системы Mergen.
Проект Zhetysu Digital Anti-Drug Hub работает в восьми районах и двух городах области Жетісу. Жители могут обратиться за консультацией к юристу, психологу и наркологу. Кроме того, 218 человек обратились за консультацией через сервис SafeLine.
Еще одно направление – содействие в ресоциализации молодым людям, отбывшим наказание. Так, проект ReStart охватил 100 человек в Астане, Акмолинской и Карагандинской областях. Они получили консультации по вопросам трудоустройства, образования, жилья и доступных мер государственной поддержки.
Проекты реализуются при грантовой поддержке Центра поддержки гражданских инициатив.
🚀Aitu | Instagram | TikTok