🔍
🧰 FM Online-ға физика пәнінің мұғалімі қажет ⚡ 📍 Астана қаласы
🎯 Күнделікті жұмысың қандай болады?
— Физикадан сабақ өткізіп, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау. — Тақырыптар мен есептерді талдап, формулаларды жай жаттатпай, есептің шығару логикасын түсіндіру. — Әртүрлі деңгейдегі есептерді таңдау және өзің құрастыру. — Оқушылардың прогресін бақылап, баллдың өсуіне кедергі болып тұрған тақырыптармен жұмыс істеу. — Академиялық командамен бірге оқу материалдары мен оқыту тәсілдерін жақсарту.
Мұнда тек дайын жоспар бойынша сабақ өткізіп қана қоймай, өз идеяларыңды ұсынып, FM Online-да физиканы қалай оқытатынымызға әсер ете аласың.
✅ Өзіңді таныдың ба? 👀
— Сен физиканы жоғары деңгейде білесің және әртүрлі деңгейдегі есептерді сенімді шығарасың. — Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәжірибең бар немесе ҰБТ форматын жақсы білесің. — Сабақты құрылымды өткізіп, күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізе аласың. — Физикадан есептерді өзің құрастырып, олардың күрделілік деңгейін анықтай аласың. — Ең бастысы — сен үшін жай ғана «сабақ өткізілді» деген белгі емес, оқушының нәтижесі маңызды.
🧩 FM Online-дағы teacher-life
💸 250,000 ₸ + қосымша жұмыс үшін бонустар — қосымша тапсырмалар алып, табысыңды арттыру мүмкіндігі бар. ⏰ График 5/2, 16:00–22:00 — 🧠 Оқытуда өз идеяларыңа еркіндік — өз тапсырмаларыңды, тәсілдеріңді және шешімдеріңді ұсына аласың. 🚀 FM Online-мен бірге өсу мүмкіндігі — компания 2 есе өсуді жоспарлап отыр, онымен бірге академиялық бағыт та дамиды. 🏆 Жыл сайын үздік қызметкерлерді марапаттаймыз — жоғары нәтиже үшін ақшалай сыйлық, MacBook немесе саяхатқа жолдама алуға болады. 🎉 Командалық іс-шаралар мен тимбилдингтер — себебі FM Online-дағы өмір соңғы сабақпен аяқталмайды.
FM Online-да ҰБТ-дан жоғары нәтиже алғысы келетін оқушылар бар. Мүмкін, дәл қазір оларға сенің түсіндіруің жетіспейтін шығар ⚡
▶️ Номер: 📱 +77003025348 *⃣ WA: wa.me/77003025348 Резюме қалдырыңыз
#education #teaching #physics #astana #обучение #преподаватель #физика #астана #вакансия #работа
🔍 #JobKZ t.me/jobkz_1
🔵 Публикация резюме на постоянной основе здесь 👇👇👇
t.me/jobkz_cv
==========