16 тамыз күні Community Almaty Run аясында Vanilla Coffee Shop-та (Әйтеке би көшесі, 21) кездесеміз.
Бұл жолы дайындық деңгейі әртүрлі жүгірушілер үшін үш бағыт әзірледік. Жаттығу жаттықтырушылар мен пейсмейкерлердің қатысуымен өтеді.
№1 топ – 21,1 км. Марафонға дайындалып жүргендер мен тәжірибелі жартылай марафоншыларға арналған.
⏰ Басталуы: 06:30
📍 Жиналу орны: Almaty Marathon жарысының сөре орны – Абай даңғылы мен Достық даңғылының қиылысы.
Абай даңғылы бойымен Саин көшесіне дейін жүгіріп, кейін Айтеке би көшесі, 21 мекенжайындағы Vanilla Coffee Shop-қа қайта ораламыз. Бағыт бойында бағдаршамдарда қысқа аялдамалар және су болады.
Заттарыңызды жаттықтырушының көлігіне қалдыруға болады. Өзіңізбен бірге спорттық тағам (2 дана) – гель немесе батончик алып келу міндетті.
№2 топ – шамамен 250 м биіктік жинауымен 10 км. Дайындығы бар жүгірушілер мен жартылай марафоншыларға арналған.
10 км қашықтықты жүгіріп өткен тәжірибе қажет.
⏰ Басталуы: 07:00
📍 Жиналу орны: Vanilla Coffee Shop, Айтеке би көшесі, 21.
Терренкур соқпағымен Омаров көшесіне дейін жүгіреміз. Бағыт бойында Луганский көшесі, 99/1 мекенжайындағы Vanilla Handmade Coffee жанында тамақтану орны және азық-түлік дүкенінің жанында қысқа аялдама қарастырылған.
Заттарыңызды ұйымдастырушыларға қалдыруға болады. Назар аударыңыз: таңертең Айтеке би көшесіндегі Vanilla Coffee Shop-тың дәретханасы жабық болады.
№3 топ – 4–7 км. Жаңадан жүгіре бастағандарға арналған.
⏰ Басталуы: 07:30
📍 Жиналу орны: Vanilla Coffee Shop, Айтеке би көшесі, 21.
Горький саябағына дейін жүгіріп, таңдалған қашықтыққа қарай бір немесе екі айналым жасап, Vanilla Coffee Shop-қа қайта ораламыз. Заттарыңызды кофеханада қалдыруға болады.
Жүгіруден кейін «Жүгірушінің жүрегі: қандай белгілерді елемеуге болмайды?» тақырыбында дәріс өтеді.
Дәрігер-кардиолог, медицина ғылымдарының магистрі әрі Doctrine білім беру орталығының негізін қалаушы Инна Лещинская-Попова жаттығу кезінде ағзаның қандай белгілеріне назар аудару керектігін және қандай жағдайларда жаттығуды тоқтатып, дәрігерге жүгіну қажет екенін айтып береді. Дәріс соңында өз сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндік болады.
⏰ Басталуы: 09:00
📍 Vanilla Coffee Shop, Айтеке би көшесі, 21.
Қатысу тегін, алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Өзіңізге сәйкес топты таңдап, жиналу орнына келіңіз. Жүгіруге арналған спорттық аяқ киім міндетті.