Russian калькаға ерегесіп, English-тен тура аударсам оңады екем демеңіздер😀.
🇬🇧 "All quantities will be confirmed and finalized as part of the field services provided before sales".
🇰🇿 "Барлық көлемдер/мөлшерлер сатуға дейін ұсынылатын далалық қызмет аясында расталып, түпкілікті бекітіледі." 🤪🫣🤠
Бізде деймін де, сын-сипатты білдіретін сөздер нақты бір затқа қатысты айтылса, мысалы, (*анықтауыш сөз әлдебір топтың тұрақты атауына айналмайынша (мыс.:"қызылдар", "ақтар", "сексенүштер")), немесе сол ұғымға сыятын бүкіл заттарды қамтымайынша — объект сұрап, "жыламсырайтыны" бар.
Кішкене миды қозғап, "quantity" деп отырғаны —құр көлем, не абстракт сандар емес, тізімдегі тауарлардың есебі екенін ұғамыз ( бұл жерде есептің "report", "calculation"- нан басқа да мағынасы барын ескеріп, аяусыз қолданамыз).
Демек: "All quantities" 🔄 "(Тізімдегі) әрбір тауардың есебі" деп аударуға болады.
Енді мына қызықты қараңыз:
"Confirm-растау" қазір жас аудармашыларда өлсе де жұбы жазылмайтын Ромео мен Қыз Жібек сияқты.❤️🩹❤️🩹❤️🩹
Бірақ шын өмірде бұл екеуін бірге көрсек, QazaqBubble айтпақшы "What in the freudian fuck?!👺"деп қалар е'к. Сондықтан реті келсе, бұл жұптың айрылысуына себепші болуға қысылмаңыз.
Ол үшін Ромеоға у берудің де, артынан садақ атудың да қажеті жоқ.
Confirm - ге балама балама (pun intended) бола алатын "тексер", "анықта", "нақтыла" ұғымы барын ескерсең жетіп жатыр.
Мұндағы ең қызығы —"finalize" сөзінің "түпкілікті бекітіледі" деп аударылғаны.
Былай түсінікті. Бірақ бірдеңе жетпей тұр. Тәәк. Неге? Өйткені "түпкілікті" деген қатыстық сын есім. Оның тігісін қалай жатқызамыз? Аудармадағы ең өнімді, әмбебап шылау —"түрдені" әкеп, ябштыра қоямыз. Дұрыс па? Psych! Атасының басы "дұрыс". "Бекітудің" өзі —түпкілікті әрекет. Әлденені тапжылмастай қатырып қою. Бек қылу. Түпкілікті - мұнда қажет ЕМЕС. Осылайша, сөзді көбейтпей, артық бас аурудан құтыламыз.
⏯️ Егер "Final" дегендегі "соңғы, түпкілікті, тоқ етер" деген ұғымды бастырмалап жеткізгің кеп бара жатса, қатыстық сын есімді етістіктің алдына апарып сүмірейтіп қоймай, тиісті объектіге апарып ешқандай шылаусыз, ябыштыра қабыстыра қоясың. ▶️
Не шықты өзі, көрейік ал:
🇰🇿"Әрбір тауардың нақты есебі (немесе саны мен мөлшері) сатылмас бұрын, өндіріс басында қызмет көрсеткенде тексеріліп, қайта бекітіледі. Әрі қарай "Қызмет көрсеткеде, көрсетілетін қызмет аясында" де оны мекемеңде бекітілген термин шешсін.
Бастысы — логика мен синтаксис тұрғысынан шиеленісіп қалған блоктарды тарқатып, сөйлем қаңқасын жеңілдетіп, қазаққа бетін беріп тұрған сөйлем жасадық.
Бұдан да жақсы етіп аударатындар барына еш күмәнім жоқ.
Мен тек аудармадағы трансформация әдісімен сөйлемді ұғым блоктарына шашып тастап, қайта жинаудың бір жолын көрсеттім. #трансформация #синтаксис #аударма